Қаланың көркі үшін арнайы отырғызылған гүлдер сиырдың шөбіне айналуда. Кешке көл жағалауындағы гүлзарларға 4 жануар шабуыл жасап, ондаған өсімдікті жұлып тастаған. Бұл фотоларды сол кезде жағажайда болған «Зеленстрой» бригадирі түсіріп алған. Алайда, ол жеткенше сиырлар біраз жерді бүлдіріп үлгерген. Айтуынша мұндай жағдай жиі болады екен. Десе де, өсімдіктердің басты жауы ол адамдар көрінеді.
Алтыбай Сағындықов – «Зеленстрой» ЖШС бригадирі
«Иттер жатады клумбалардың ортасында. Мысықтар, адамдар. Келе жатқан напитогын лақтырып жібереді. Одан төгіледі. Чипсы, солардың қалдықтарын лақтырады».

Зеленстрой мекемесі жыл сайын 15 млн теңгеге 5 мың шаршы метр жерге гүл отырғызады. Мамандар оларды жаз бойы күтіп баптайды. Қурап қалған, жұлынған, басылып қалған өсімдіктердің орнына жаңасын егеді.
Алтыбай Сағындықов – «Зеленстрой» ЖШС бригадирі
«Біздің егіп жатқан еңбекті бағаласа. Біз осының барлығын халық үшін, ел үшін жасап жатырмыз. Өздері осында қыдырады, демалады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login