Руы Тобықты – Шомақ, Ноғайбекқызы Марзияның өмірден өткеніне 4 шілде күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 4 шілде күні сағат 11.00-ден бастап «БЕРЕКЕ» мейрамханасында беріледі.
Туған-туыс, құда-жекжат, көршілерге және барша таныстарға хабарлаймыз.
Асыл Ана, жеткізіп жетелеген,
Жалғанда саған адам жетер ме екен?
Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,
Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!
Анамыз орны бөлек өмірдегі,
Ана деген асыл жан дүниедегі.
Кім қияды анасын қара жерге,
Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.
Анажан өзіңді сағынамыз,
Тағдырдың салғанына бағынамыз.
«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,
Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.
Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,
Бақи бол, имандының бірі сенсің.
Жатқан жерің жарық болсын,
Топырағың торқа болсын!
Шапағатың нұрға толсын!
Әруағыңмен жебей бізді,
Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!
Ас берушілер: қызы – Амантай, балалары: Жанар — Аманбек, Талғат – Әсел, Жанғазы, немерелері, шөберелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login