Қазақстанда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін. Қазір елімізде дін туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолға алынды. Бұл жайында қалалық әкімдікте өткен жиында белгілі болды. Облыстан келген ақпараттық-насихат топ құқық қорғау орган қызметкерлеріне заңдағы өзгерістерді түсіндірді. Қазір Республика бойынша мұндай 500 ге жуық топ құрылған. Мамандардың айтуынша, жобаға енгізілетін толықтыруларға сәйкес хиджаб киетін әйелдерге 100 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Сондай-ақ діни мекемелерден басқа жерде сабақ өткізгендер де жазаланады. Қазір Қарағанды облысы бойынша 300-ден аса діни бірлестік тіркелген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login