Балқашта орталық саябақ қайта қалпына келтіріледі

Балқашта келесі жылы орталық саябақ қайта қалпына келтіріледі. Қазіргі таңда сметалық құжат әзірленуде. Ол дайын болысымен құрылыс жұмыстарына қанша шығын кететіні белгілі болады. Мамандардың айтуынша бірінші кезекте онда суару жүйесін тарту қолға алынады. Брюсчаткалар төселіп, тротуарлар пайда болады. Сонымен бірге велосипедке арналған жолақ салу жоспарлануда. Мұнда ойын-сауық алаңдарын және басқа да нысандарды салу үшін кәсіпкерлерді тарту көзделіп отыр. Тіпті саябақты қайта калпына келтіру кезінде қала тұрғындарының тілегі мен ұсынысы да ескерілімек.

Әбілхасым Төлеубеков-Қала әкімінің орынбасары
«Суару жүйесі міндетті деп талап қойып отырмыз. Суару жүйесі жоспарға кіру керек. Одан бөлек тротуралар дейміз, яғни демалыс аймақтары болуы қажет. Оның бәрі қалалық әкімшілікте дайындалғаннан кейін, жоба бойынша қарастырылытын болады. Ұсыныстар түсіп жатқан болса, олда қарастырылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture