Балқашта гараж артынан өлі күйінде табылған жас қыздың кім екені анықталды. Тіпті кісі өліміне қатысы бар деген күдікті де ұсталды. Тәртіп сақшылары оны аулаларға орнатылған камералардың арқасында қолға түсірді. Сол күні белгісіз азаматтың жәбірленушімен бірге гараж жаққа бара жатқаны бейнетаспаға жазылып қалған. Жедел-іздестіру шарасы кезінде қыздың қасында болған жігіт ұсталды. Күдікті 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындаған. Алайда, қыздың қандай жағдайда көз жұмғаны әзірге айтылмай отыр.
Бақытжан Құдияров-ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел –іздестіру іс-шаралары кезінде қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталып ұсталып, бұлтартпас айғақ заттардың арқасында өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login