Балқашта екі бірдей ескерткіш ашылды

Балқашта екі бірдей ескерткіш ашылды. Көл жағалауында орналасқан саябақта Ауған соғысының ардагерлеріне және Чернобыль апатын жоюға атсалысқандарға арналған монумент тұрғызылды. Оның ашылу салтанатына қала әкімімен бірге және сол сұрапыл соғыс пен жойқын апатты өз көзімен көрген жауынгерлер және зиялы қауым өкілдері қатысты.Бетоннан жасалған 4 метірлік ескерткіш Ауғанстан жеріндегі ұрысқа қатысқан азаматтарға арналады. Онда тау мен жауынгерлер бейнеленген. 10 жылға созылған шайқаста 15 мыңнан астам кеңес әскері опат болды. Оның екеуі балқаштық. Бұл күні солардың рухына арналып гүл шоқтары қойылды.

Қайрат Ақатаев-Ауған соғысының ардагері
«Осы ескерткіш біздің көңілімізде, ойымызда жүретін. Шіркін, біздің де бас қосып отыратын, Ауған жерінде қалған боздақтарымызды еске алатын жеріміз болса екен деп жүретінбіз. Міне бүгін сол күн туды».

Екінші монумент Чернобыль апат ошағында құтқару және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген жауынгерлердің құрметіне бой көтерді. Ескерткіш қара габра тасынан тұрғызылып, үстіңгі жағы ақ мәрмәрмен, асты гранитпен қапталған. Осыдан 30 жыл бұрын адамзат тарихында орын алған ең үлкен техногенді апаттың зардабын жою үшін Қазақстаннан 30 мыңнан аса адам аттанған. Соның 80-і балқаштық.

Асқар Мүсілімов-Чернобыль апатын жоюға қатысушы
«Біз ол жерден бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірдік. Ең бірінші болып қатты зардап шеккен өрт сөндірушілерді шығардық. Чернобыльға қатысушыларға арнап ескерткіш қойып жатқандарына көп рахмет. Біз тарихты ұмытпауымыз қажет».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture