Балқаштағы екі оқу ордасына 200 мың теңге айыппұл салынды

Балқаштағы екі оқу ордасына 200 мың теңге айыппұл салынды. Қалалық гимназия мен Қошқарбаев атындағы колледж өрт қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін осындай жазаға тартылды. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары көктем айында мектептерге тексеріспен барған. Ол кезде 47 білім нысанының барлығында қандай да бір ереже бұзушылық анықталыпты. Оны түзеуге 1 ай уақыт беріледі. Алайда, тек қалалық гимназия мен Қошқарбаев атындағы колледж ғана кеткен кемшілікті сол күйінде қалдырған. Содан бұл жағдайға байланысты әкімшілік іс қозғалып, судьяның шешімімен екі білім ордасына 200 мыңнан аса айыппұл салынған. Енді аталмыш білім нысандары оқу жылының алдында тағы бір тексерістен өтеді.Егер, кемшілік түзелмесе білім ордалары жабылатын болады.

Олег Грабовский – ТЖБ «мемлекеттік өртті бақылау» бөлімінің басшысы
«Ең басты ереже бұзушылық ол электр желілерінің, дабыл жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі. Өрт сөндіргіш құрылғылар да істен шыққан. Біз оның барлығына аса назар аударамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture