Қырық күндік ас Бакишева Мейрамкүл Амантайқызы

Руы — Төре, Бакишева Мейрамкүл Амантайқызының өмірден өткеніне  40 күн болды.

Қырық күндік асы 2 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап Қоңырат кентінің МЕШІТІНДЕ беріледі. Жақын туған-туыстарға,  көршілерге, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, жұмыс орнына хабарлаймыз.

Асыл Ана, сағындық нұр жүзіңді,

Көзімізден Сізді ойлап жас үзілді.

Немерелер әжелеп армандауда,

Олар таппай  қалды Сіздің ізді.

 

Көзден кеттің, көңілде ұмыт емессің,

Енді бізге сағындырған елессің.

Бұл фәниден кір шалмаған жүзіңді,

Нұрландырсын мәңгі нұры пейіштің!

 

Сағынумен 40 күн  болды өткелі,

Жан анашым есімнен еш кетпеді.

Өзегімді өртейді бір өкініш,

Жан анамның аз-ақ ғұмыр кешкені.

 

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің.

Жатқан жерің жарық болсын,

Топырағың торқа болсын!

Шапағатың нұрға толсын!

Әруағыңмен жебей бізді,

Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!

 

Әкеге жар, балаларға ана болған,

Рас екен «дүние» — деген жалған.

Сұм ажал арамыздан алып кетті,

Тағдырдың ісі шығар басқа салған.

 

Біз барамыз қабіріңнің басына,

Сағыныштан асау көңіл жасуда.

Құран оқып, «әумин» деп қол жайып,

Келіңіздер, анамыздың 40 күндік асына.

Ас берушілер:  жолдасы – Хаскей, бауырлары, балалары, немерелері.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture