Қарағанды облысында кісі өліміне қатысы бар деген екі күдікті іздестірілуде. Теміртауда гараждан екі адамның денесі табылды. Екеуі де оқтан қаза тапқан. Солардың бірі сол гараж иесі болуы мүмкін. Ол көлік тұрағын екі слесарьға жалға берген. Болжам бойынша бұл қылмысты жасаған екеуі болуы мүмкін. Қазір 31 жастағы Павел Левкутин және Никита Степина облыс бойынша іздестіру жарияланды. Алғашқысының бойы шамамен 160-165 см. Орташа денелі, шашы ақшыл сары. Оң қолында өрнектің, ал оң аяғының тізесінде патронның суреті бейнеленген. Екіншісінің шашы қоңыр, бет-пішіні сопақ. Кімде-кім бұл адамдар жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса, онда 102-ге хабарласса болады.
Бақытжан Құдияров-ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі
«Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексының 99 бабы, 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция бөлімімен аталған қылмысты жасаған 1986 жылы туылған Теміртау қаласының 2 азаматы анықталды. Қазіргі таңда олардың тұрғылықты мекен-жайын анықтау, ұстау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login