Мұхамеджанов м\а сауда алаңында жеміс-жидек сататын шатыр жанып кетті. Алдын-ала болжам бойынша оны біреулер әдейі өртеген. Себебі ол орынға көз алартқан адамдар көп болған екен. Өрт түнде басталыпты. Құтқарушылар жеткенше шатырдың түгі қалмай жанып кеткен. Абырой болғанда қасындағы өзге сауда нүктелері аман қалған. Қазір бұл іспен тәртіп сақшылары айналысуда. Олар кінәлілерді анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғайтын болады.
Олег Грабовский – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өрт шатырдың төбесінен басталған. Біз келгенше металдан жасалған құрастырма, ағаш еден бәрі жанып кетті. Бұл істі тәртіп сақшыларына өткіздік. Кінәлілерді солар анықтайтын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login