Балқашта 60 отбасы баспаналы болды. Құрылысы 3 жылға созылған 5 қабатты су жаңа тұрғын үйде бүгін қоныс тойы тойлануда. Қолына шаңырағының кілті тигендер қатарында қарапайым бюджет қызметкерлері мен көпбалалы аналар, жетімдер және мүгедектер бар.
Бүгін қоныс тойын тойлашуыларадың қуанышын бөлісуге қала әкімі келді. Александр Аглиулин баспаналы болғандарды құттықтап, 10 адамға пәтер кілтін өз қолымен табыстады. Сыйлықты да ұмыт қалдырмаған. Әр қайсысына тұрмыстық техника құжатын да табыстап жатты.
Кілт табыстау рәсімі аяқталғаннан кейін шаһар басшысы 1 бөлмелі пәтерге ие болған Төкен Әуесбекованың үйіне бас сұқты. Өзімен бірге көрімдік ретінде, пеш те ала келген. Ал 12 баланың анасы үй кезегіне 2006 жылы тұрған. Ал, бүгін 12 жыл күткен баспанасына қол жеткізді.
Төкен Әуесбекова-жаңа қоныс иесі
«Жаңадан үй салып жатыр, деп естідім қыстың күні телевизордан. 60 үй беріледі деп. Содан балалар барып акиматтан білді. 8 кезекте тұр екенсіз деді. Содан бұйыртқан күні алып отырмын».
Сюмбекова Жұлдыз үшін де бүгін көптен күткен қуанышты күн. 34 жастағы әйел бала кезінде интернатта тәрбиеленген. Өсе келе жатаханаға ауысыпты. Ал, 2004 жылдан бері пәтер жалдап келеді. Енді міне оның көптен күткен арманы орындалды.
Жұлдыз Сүмбекова-жаңа қоныс иесі
«Кеше қоңырау шалып, пәтер кілтін табыстаймыз дегенде өз құлағыма өзім сенбедім. Мен бұл күнді өте көп күттім. Өте қуаныштымын. Бәріне рахмет айтамын».
Бүгін Жұлдыз секілді тағы 11 жетім қоныс тойын тойлауда. Сондай-ақ үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мемлекеттік қызметкерлер де баспаналы болды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login