Жылдық ас Ермекбаева Күлману Мұханқызы

Руы – Керей-Маемер, Ермекбаева Күлману Мұханқызы ардақты анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл болды.

Жылдық асы 29 шілде күні сағат 11.00-ден бастап «Лак-Лайф» (бұрынғы «Урсус») дәмханасында жылдық ас беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, жора-жолдастарымызға, балаларының еңбек ұжымдарына, анамызды танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Анамызды сағына еске алып мына өлең жолдарын арнаймыз:

Жылағанды жұбаттың есіл үнмен,

Ұғындырдың өмірді бесігіңмен.

Фәнидегі еңбегің бақилықта,

Бағалансын Раянның есігімен.

 

Өсірдің, еркелеттің, тұлымдадың,

Әжетай, ұмытпаймыз мұның бәрін.

Дұғаларын бағыштайды өзіңе Әже,

Сағынышпен еске алып құлындарың!

 

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің, жан Ана, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

 

Анажан өзіңді сағынамыз,

Тағдырдың салғанына бағынамыз.

«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,

Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.

 

Анамыздың орны бөлек өмірдегі,

Ана деген асыл жан дүниедегі.

Кім қияды анасын қара жерге,

Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.

 

Артығы едің ішінде даналардың,

Бәрі осындай болса ғой аналардың.

Ұрпағы үшін өткізген әр сағатын,

Жұмақтан орын алсын ғазиз жаның.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,

Жан Ана, топырағың торқа болсын!

Иманың мәңгілікке жолдас болып,

Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін!

Еске алып, ас берушілер: балалары, немерелері, туған-туысқандары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture