Балқаш су канализациялық және дренажды құдықтарды тазалауға кірісті

Балқаш су мекемесі канализациялық және дренажды құдықтарды тазалауға кірісті. Себебі соңғы уақытта тұрғындардан бітеліп қалған жүйелерге көп шағым түсе бастаған. Cонымен қатар, Қоңырат м\а су құбырлары ауыстырылып жатса, қала шетінде әзірше жұмыс тоқтап тұр. Оның себебін мамандар керекті материалдың кешігуімен түсіндіруде.

Балқаш Су жұмыскерлері жаз басталғалы бері құдықтарды тазалауда. Қазір жұмыстар бірінші мөлтек ауданында жүргізілуде. Слесарлар бір күнде 30 рет төменге түсіп, қоқыстарды сыртқа шығарады.

Тұрғындар канализациялық құдықтарды бөтелке, баллон, киім тіпті жиһаз секілді заттармен бітеп тастаған. Бұл заттардың барлығы жүк көлігіне тиеліп, қала сыртындағы қоқыс алаңына шығарылады.

Алібек Сақбаев – канализация және дренаж учаскесінің басшысы
«Труба сынып қалады. Ішіне тас, кірпіш кетіп қалады. Көбінесе сондай жағдайлар болады».

Балқаш Су мекемесі биыл жылу маусымына дайындалу үшін 180 млн теңге бөлген. Оның көбі су құбырларын жаңалауға жұмасалады. Қалғаны канализациялық жүйеге бөлінген. Әзірше бұл жұмыстардың тек жартысы ғана атқарылған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture