Биыл мектеп бітірген түлектерге 30 мыңнан астам білім гранты тағайындалды. Оның көбі, техника-технологиялық мамандықтарды дайындауға бөлінген. Сондай-ақ ұстаздар мен медицина мамандарын оқытуға басымдық берілген. Атап айтқанда, техника және технологиялық ғылымдар – 11мың , педагогикалық мамандықтарға — 6000, медицина саласына — 3000, ауыл шаруашылығы мен мал дәрігерлігіне – 2 мыңға жуық грант қарастырылған. Жаратылыстану ғылымдарына — 1 470, гуманитарлық ғылымдарға — 800, әлеуметтік ғылымдарға — 700, өнер саласына 170-і берілсе, құқыққа — 100 грант бөлінген. Ал әскери іс пен қауіпсіздікке 60 грант тағайындалған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login