Балқашқа Облыстық қан орталығынан мамандар келді. Осыдан бір жыл бұрын қалаға ат басын тіреген дәрігерлер осы жолы донорларға қойылатын талапты күшейткен. Бұрын адамның қан қысымына, салмағына назар аударылса, енді қан құрамына да аса мән беріледі.
Асқар Журчинов 13 жылдық тәжірибесі бар донор. Ер адам алғаш рет 20 жасында қан тапсырған. Содан бері 60 рет донор болыпты. Ал, бұл шараға арнайы шақырту алған.
Асқар Журчинов-донор
«Жылына 2 рет тапсырамын. Ақырғы кезде Балқашта жабылып, Қарағандыға көшіп кетті. Бірақ, осында келетін кезде Қарағандыдан өздері хабарласып шақырады».
Қазір қан тапсырушыға қойылатын талап күшейтілген. Донордың қан тобы мен қан қысымын анықтаудан өзге бұл жерде қан құрамындағы май мөлшеріне зерттеу жасалады. Егер анализ үшін алынған сұйықтықтың түсі ағарса немесе қоюланса онда ол жарамсыз болып саналады.
Диана Сагинтаева – донорларды топтастыру бөлімшесінің терапевт дәрігері
«Егер адамның қан құрамында май мөлшері көп болса, онда қайта өңдеу қиынға соғады. Сондықтанда біз оны қолдана алмаймыз. Сол сеьепті қазір алды-ала тексеретін болдық».
Ал, қан құрамында май мөлшерінің көп болуына бір-екі тәулік бұрын ауыр тағам жеу, ішімдік ішу секілді факторлар әсер етуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша мұндай жағдай көбінесе, бауыр мен бүйрек аурына, қан диабетіне және семіздіке ұшыраған адамдарда кездеседі. Сол себепті қаны жарамсыз деп танылған донор денсаулығын тексертіп, өзінің ешқандай дертке шалдықпағанына көз жеткізу керек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login