Бүгін Желтоқсан мен Мир көшесінің қиылысында екі иномарка соқтығысты. Зардап шегушілер жоқ. Екі жүргізуші де дін аман. Алайда, көліктерге біраз зақым келді. Оқиға барысы бойынша, бағдаршамның жасыл түсі жанғаннан кейін, солға бұрылмақ болған тайота жүргізушісі басты жолмен келе жатқан бмв автокөлігін көрмей қалған. Оның айтуынша, бмв алдында джип тұрғандықтан ол артындағы көлікті байқамаған. Нәтижесінде екі иномаркада бүйірден соққы алды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login