Медициналық сақтандыру жүйесіне қандай қызмет түрлері кіреді

1 шілдеден бастап іске қосылған міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша, емделушілер қандай көмекке тегін қол жеткізеді. Ал, қандай қызмет ақылы болады. Бұл жайында денсаулық сақтау басқармасында толығырақ айтып берді. Мамандардың сөзінше, тұрғындар жедел-жәрдем қызметін тегін шақыртып, ақысыз екпе салдыртады. Диспансерлік ем қабылдау үшін де ешқандай ақы алынбайды. Ал, қорға қаржы салып, сақтандыру пакетін сатып алғандарға толық медициналық қызмет көрсетіледі.Бұл дәрігердің кеңесіне жүгіну, емделу және дәрі-дәрмек алу.

Ләззат Ахтанова – №2 емхананың сарапшы дәрігері
«Әлеуметтік маңызы бар аурулар. Түберкулез аурулары, қатерлі ісік аурулары, өте жұқпалы аурулар. Біз сондай ауруларға көмек көрсетеміз. Сақтандыру пакетінсіз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture