Балқашта 13 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Мектептердегі жөндеу жұмыстары 60% аяқталды. Мердігерлер бекітілген мерзім бойына жұмыс істеуде. №8 мектепте құрылысшылар 1 ай ішінде шатырды жөндеп, жылу жүйесін ауыстырып үлгерген. Оқушылар қыста тоңбау үшін бюджеттен 5 млн теңге бөлініпті. Бұл сомаға мамандар 60 жаңа радиатор орнатып, 300 метр құбырды жаңасына ауыстырған.

Максим Годзелих – құрылыс фирмасының слесары
«Біз маусым айында бастағанбыз. Қазір жұмыстар аяқталып қалды. Жылыту жүйесін толығымен ауыстырдық. Енді қыста барлық сыныптар жылы болады».

Қалада 18 мектеп болса, соның 13-не құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мамандар 6 білім мекемесінің төбесін, екі оқу ордасының сыртын жөндеп, тағы 8 мектептің терезесін жаңалайды. Жылу жүйесін ауыстырады. Мұның барлығына 300 млн астам қаржы бөлінген. Тағы бір айта кетерлігі, биыл 7 оқу ғимаратында стоматология кабинеті пайда болады. Оның құрылысына қосымша 13 млн теңге бөлінген.

ГүлмираАғдарбекова – білім бөлімінің жетекшісі
«Балқаш мектептерінің жөндеу көрмегеніне біраз жыл болды. Соңғы рет 50-ші жылдары күрделі жөндеу жасалған. Сондықтанда биыл бірден 13 мектепке құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның барысы үнемі бақылауда».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture