№14 автобустың жүру кестесі қысқартылды

№14 автобус енді тек жұмыс күндері ғана жүретін болды. Оның өзінде тек таңғы және кешкі уақытта. Себебі жексенбі және мереке күндері онда адам мүлде отырмайды. Осыны ескерген тасымалдаушылар, шығынға батпау үшін қоғамдық көліктің жүру уақытын өзгертті. Айта кетейік, нан зауытынан бастап 90-орамға қатынайтын 14 нөмірлі автобус бұрын тек таңертең және кешкі уақытта жүретін. Тек 2014 жылдан бастап, әр сағат сайын қатынауды бастады. Алайда, жексенбі күндері жолаушылар саны мүлдем аз болатындықтан тасымалдаушылар әкімдікпен келісе отырып, оның жүру кестесін қысқарту туралы шешім қабылдаған.

Алексей Макаров – «Тұлпар» автобус паркының бас инженері
«№14 автобусқа күн сайын бір күнде 60-70 адам ғана мінеді. Егер 40 теңгеден санасақ, бар болғаны 3000 теңге шығады. Ал, жанармайдың өзіне 6000 кетеді. Сондықтанда шығынға батпау үшін біз автобустың жүру уақытын қысқарттық».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture