Еңбегі еленген балқаштық мысшылар марапатталды

Балқашта металлургтер күнін тойлау басталды.Зауыт алдында еңбегімен көзге түскен еңбеккерлерді марапттау рәсімі өтті. Онда түрлі цехта, түрлі лауазымда жұмыс істейтін мамандар қала әкімінің, қазақмыс смэлтинг компаниясы директорының алғыс хатымен марапатталды. Жалпы 108 адам марапатқа ие болды. Сондай-ақ бұл күні даңқ галереясы жаңа есімдермен толықты. Үздіктерді ұлықтайтын тақтайшаға еңбекте озат атанған жұмыскерлердің суреті ілінді. Енді 8 тәлімгер мен 8 жас маманның және өндіріс озаты деген атақ алған 16 адамның бейнесі бір жыл бойы басқаларға үлгі болмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture