Балқашта қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде

Жұмыспен қамту орталығы қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізуде. Жұмыссызадар, зейнеталды жастағы тұрғындар және мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа саланы меңгеретін болады. Ал, оқу аспазшы, шаштараз, газбендәнекерлеуші, электроментер секілді мамандықтар бойынша жүргізіледі. Мұндай қысқа курстар 3 айға негізделген. Әр ай сайын 16 мың теңге шәкіртақы төленеді. Жаңа саланың маманы атануға ниет білдіргендер жұмыспен қамту орталығына жүгінулері тиіс. Керекті құжаттар мектеп атестаты мен жеке куәлік. Ал қайта оқыту курстары Рақымжан Қошқарбаев атында колледжде және сервис колледжінде өтеді.

Жанат Томпиева — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі
«Жұмыссыздарды оқыту үшін мемлекеттен қаржы қарастырылған. Егер, адам Қарағанды облысының басқа қаласында оқуға ниет білдірсе, онда біз оның барлық шығынды төлейміз. Оның ішіне жол ақысы, жатын орын, және тамақ кіреді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture