Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жаңаша жүргізіледі. Енді мемлекеттен қаржылай көмек алу үшін жұмысқа тұрып, еңбек ету керек. Алайда, ең бастысы отбасының жалпы табысын адам басына бөлгенде шыққан сома қазіргі күн көріс деңгейінен аспау қажет. Оны мөлшері 14 мың 491 теңге. Әлеуметтік төлем алуға жағдайы төмен жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар жұмыссыз ата-аналар өтінім бере алады. Өтініштерді қабылдаған мамандар, алдымен еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмысқа орналастырады. Оқу керек болса, жаңа мамандық иесі атануға мүмкіндік жасайды. Тек содан кейін ғана мемлекеттен әлеуметтік көмек тағайындалады.
Жанат Томпиева -жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі
«Мысалы отбасының жалпы табысы 50 мың теңге болса, оны отбасындағы адам басына бөлеміз. Әке-шешесін баласын қосқанда 4 адам делік, 50 ді 4 ке бөлгенде 12500 теңге шығады. Яғни мұндай отбасылар әлеуметтік көмекке ие бола алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login