Ардақты құдамыз Бакишев Мейрам Сиязбекұлының бұл фәниден бақи дүниеге аттанғанына жыл толды. Ізгі жүректі, жаны таза, мейірімді еді. Егіле еске алып, «жаны жәннатта, тәні рахатта, орыны пейіштің төрінде болсын!»-деп, Алладан рахым тілеп, дұға бағыштаймыз!
Жүруші едің ортамызды мәнді қып,
Жадымызда ісің қалды жаңғырып.
Жүрегінде ағайын мен туыстың,
Асыл бейнең сақталады мәңгілік.
Тер төгіп мына өмірде,
Құрметтің болдың төрінде.
Еліңе сыйлы, аяулы,
Жан едің қимас өлімге.
Ардақты едің, салмақты едің, нар едің,
Ашық едің, аңқылдаған, бар едің.
Жүрген жерің ойын-күлкі, сал едің,
Әке едің, аялаған жар едің.
Айналаңа адал жандар жинадың,
Ағып түстің жұлдыздай боп, қинадың.
Жарқ етті де жарқын бейнең, жоғалдың,
Алтын басың, мына әлемге сыймадың.
Балалар бар артыңда, алдың жарық,
Дүбірлеп ең тұлпардай, ізің қалып.
Аллаға да жақсылар керек шығар,
Тәңірім де таңдайды екен тектілерді.
Өмірдің қызығына толып кеуде,
Тіршілікке тойып па әрбір пенде.
Өзің жайлы айтамыз жиі-жиі,
Көңілдің келмей жатса кейбір күйі.
Отбасыңа, жақынға аяулы едің,
Ғұмырды үзді, білмейтін аяуды өлім.
Содан бері міне, 1 жыл зыр етіпті,
Еске алады қайғылы, қаяулы елің.
Төріне қонақ келсе мәз-мейрам боп,
Дайын болып жатушы еді дәм-тұз, асың.
Жоғары ұстап адамшылық арыңды,
Болушы еді сөзің, ісің, арынды.
Қол жайып, рухыңа құран бағыштаймыз,
Өзіңізді әркез еске аламыз, ұмытпаймыз.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын,
Қабіріңіз құран менен нұрға толсын!
Еске алушылар: құда-құдағиы:
Қуаныш-Гүлжан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login