Ардақты бауырымыз Руы – Тобықты, Жуантаяқ, Ынтықбаев Жолдасбек Сәбетқазыұлының өмірден өткеніне шілденің 21-і күні 40 күн толады.
Қырық күндік асы 21 шілдеде сағат 12.00-ден бастап «БАҚЫТ» дәмханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, жолдастарына, құда-жекжаттарға хабарлаймыз.
О дүниелік болғаныңа қырық күн,
Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.
Қырық күнде көңілде біздің қаяу-мұң,
Қош бол енді, қимас бауыр, аяулы!
Ерте оздың мына жалған өмірден,
Бейнең кетпес мәңгі біздің көңілден.
Ақкөңіл едің жұртқа қатты айтпаған,
Биязы мінез, күлкің бар еді жымиған.
Сағынғанда жас келеді жанарға,
Жарқын бейнең жарқ етті де жоғалды.
Болсын сенің тұрағың мәңгі жұмақ,
Бағыштаған дұғамыз қабыл болсын.
Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын.
Ас берушілер: туғандары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login