Қарағандылық студенттер төсекке таңылған әйелді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандылық студенттер төсекке таңылған әйелді аяғынан тік тұрғызды. Болашақ дәрігерлер экзоскелет деп аталатын арнайы костюм жасап шығарды. Таңғажайып киім екі бөліктен тұрады. Корсеттен және ленталардан. Хирург-травматолог мамандығы бойынша білім алып жатқан Эльярбек Ташметов және Вячеслав Литвинов өздерінің туындысын Павлодар тұрғынына кигізіп, сынап көрді. Валентина Толмачева осыдан 10 жыл бұрын инсульт алыпты. Содан бері мүгедектер арбасына таңылған. Ол таңғажайып костюммен бірнеше қадам жасаған. Жоба авторларының болжамынша, егер әйел жаттығуын жалғастыратын болса, онда бір жылдан кейін өздігімен жүріп кете алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture