Асыл жар, ардақты әкеміз Тасимбеков Өмірәлі, сізді бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз!
Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, немерелеріңіздің қызықтарына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп марқайып отырыңыз,
Қызығына қуанып шөберенің!
Ұрпағыңның асқар таудай арманы,
Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.
Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,
Ардақты әке, аман жүрсең болғаны.
Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!
Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!
Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,
Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!
Т/б: жары – Алтын
балалары
немерелері
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login