Балқаштықтар қаланың жақсаруына атсалыса алады. Ал, ол үшін бар болғаны байқауға қатысса болғаны. Жастар ресурстық орталығы шаһар одан әрі көркею үшін не істеу керек, атты жобалар сайысын жариялады. Оған кез-келген жастағы балқаштық қатыса алады. Өтішін беру 18 — тамызға дейін жүргізіледі. Өз идеясын ұсынушы презентация жасап, онда фото, диаграмма, сызба секілді заттарды қолдана отырып, жоба туралы толық ақпарат беруі тиіс. Жобамен алғанда қанша шығын кететінін есептеп, қаржыландыру жағын да естен шығармау керек. Толық ақпаратты жастар ресурстық орталығынан 4-77-51 нөмірі арқылы алуға болады.
Мадина Фазылова – Жастар ресурстық орталығының маманы
«Бұл байқау 2016 жылы қазан айында басталған болатын. Осы жылғы 18- тамызға дейін әлі жалғасады. Барлық қала тұрғындарынан өтінімдер қабылдаймыз. Байқаудың соңында қала тұрғындарын бағалы сыйлық күтеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login