Балқаштық ардагер полицей 80 жас мерейтойында марапатқа ие болды

ҚР ішкі істер органдарының құрметті ардагері «мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бүгін 80 жасқа толған Құдайберлі Сыздықов осындай марапатқа ие болды. Мерейтой иесіне медальді қалалық ІІБ басшысының орынбасары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы табыс етті. Сонымен бірге облыстық ІІД бастығы қартты мерейлі жасымен құттықтап хат жолдаған екен. Құдайберлі Сыздықов өмірінің 50 жылдан астамын полиция қызметіне арнаған. Еңбек жолы Ақтоғай ауданында басталады. Сонда жүріп инспектор лауазымынан бастап жол полиция қызметінің басшысына дейін өскен. Кейін Жаңарқа ауданына ауысады. Ал, 80 жылдары Балқаш қалалық паспорт үстелінің басшысы болып тағайындалады. Зейнетке шыққаннан кейін, 25 жыл бойы жергілікті ІІБ ардагерлер кеңесін басқарған.

Құдайберлі Сыздықов-Ішкі істер органдарының құрметті ардагері
«Гаидың бастығы болдым ғой. Көнбейді ғой шопырлар. Көнбесе ақырын үндемеймін, боқтамаймын, тиіспеймін. Правасын аламын да әке-шешеңді шақыр деймін. Әсіресе Жаңаарқада. Жаңаарқа өте қиын болды. Сол Жаңаарқада жүргенде сондай тәртіп орнаттым».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture