«Қазақстан -Ұлы дала елі» қосымшасы енді Windows арқылы қолжетімді. Балқаштықтар отанымыз туралы сыр шертетін сандық энциклопедияны компьютерден көре алады. Тұтастай алғанда, ол 10 бөлімнен тұрады. Яғни, география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017». Энциклопедияның тағы бір ерекшелігі онда қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар еш жерде жарияланбаған эксклюзивті болып табылады. Бұл құрал шетелдік саяхатшылар үшіниде таптырмас бағдарлама. Онда Қазақстан жайлы мәлімет 3 тілде жарияланған. Айта кетейік, бұған дейін бұл қосымша смартфондарда пайда болған еді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login