Қарағандыда алғаш рет Балқаш өңірі петроглифтерінің түпнұсқалық фрагменттерін көрсетеді

Бүгін Қарағандыдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Балқаш өңірінің тастағы суреттері» атты көрме ашылды. Бұл экспозиция Қарағанды облысы музейлерінің апталығын жалғастыруда, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс орталығына өз жәдігерлерін Балқаш тарихи-өлкетану музейі алып келді. Көрмеге Оңтүстік-Батыс және Солтүстік Балқаш өңірлерінің соңғы палеолиттен ерте темір дәуіріне дейін — салынған тастағы суреттер қойылған. Сондай-ақ келушілер петроглифтердің түпнұсқалық фрагменттерімен бірге суретші-зерттеуші, суретші-тарихшы А.Е. Горбатовтың суреттері — Оңтүстік-Батыс және Солтүстік Балқаш өңірлері петроглифтерінің көшірмелерін көре алады.

Сондай-ақ көрмеден тақырыптық материалдарға қосымша тастағы суреттерде бейнеленген артефактілердің К. Алтынбеков жасаған көшірмелерінің жиынтығы мен балқаштық қолөнер шебері А. Лучшевтың қалпына келтірген қазақ батырларының қару-жарақтарын көруге болады.

 

Алғаш рет Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ежелгі замандарда Сарыарқаның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс өңірлерін мекендеген тұрғындары салып қалдырған өнер туындылары ұсынылып отыр.

 

«Балқаш өңірінің тастағы суреттері» атты көрме Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 25 шілдеге дейін жалғасады.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture