Балқашта мысшылар мерекесіне орай жүзуден жарыс өтті. Шараны Алматыдан келген балқаштық ұйымдастырды. Ал, сайысқа қатысуға бар жоғы 17 адам ниет білдірді. Оның төртеуі жергілікті тұрғын болса, қалғандары алматылық және павлодарлық жүзгіштер.
Жүзуден жарыс өтетіні туралы алдын-ала хабарланған болатын. Алайда, соған қарамастан мүмкіндігін сынап көрем деушілер саны аз болды. Ұйымдастырушылар жағынан 14 адам келсе, балқаштан бар болғаны 4 тұрғын ғана қатысуға бел буған.
Олар сайыс талабы бойынша алдымен қалқыма белгіге дейін жүзіп барып, Самал демалыс орнына дейін жету керек. Қайыққа мінген құтқарушылар бір жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, екінші жағынан қатысушыларға жол көрсетумен болды. Ал, жанкүйерлер болса жағада тұрып қолдау білдірді.
Дмитрий Дерябин – жанкүйер
«Біздің әріптесіміз Заңғар Күлетаев қатысуда. Біз оны жеңеді деп ойлаймыз. Қолдау көрсету үшін арайы келдік».
40 минуттан кейін мәреге бірінші болып алматылық Серік Асылбеков жетті. Кезінде жүзумен айналысқан.
Ал, оның артын ала балқаштық келді. Зауытта жұмыс істейтін дәнекерлеуші намысқа тырысқан екен.
Андрей Ростовский – жарыстың күміс жүлдегері
«Жарыс өтетіні жайлы кездейсоқ естідім. Өзім жастайыман жүзимін. Мұндай қашықтыққа жүзіп үйренбегенмін. Деседе, бүгін жүлделі орын алу үшін бар күшімді салдым».
Мәреге сызығын үшінші болып жарыс ұйымдастырушысы Виталий Чевтаев кесті. Жалпы 17 қатысушының 10 мәреге жүзіп жетті. Ал, орта жолда қалғандарды құтқарушылар қайықпен жеткізді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login