Балқаштық балалардың денсаулығы көңіл көншітпейді

Қарағандыдан келген балалар дәрігерлері өз жұмысын қортындылады. 5 маман қаламызда дүйсенбіден бастап жұмаға дейін болды. Сол уақыт аралығында 700-ден астам бүлдіршіннің денсаулығын тексеріп үлгерген. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Тексеріске келген әрбір екінші баладан жедел цистит анықталған. Яғни зәр шығару жүйесінде инфекция кездескен. Басқаша айтқанда қуықтың қабынуы. Оның себебін мамандар, кола, кириешки және чипсы секілді ағзаға зиянды заттармен байланыстырып отыр. 30- дан астам бөбектен бүйрек ақауы табылса, түнде төсекке жіберіп қоятын 10-13 жастағы 40 шақты балаға энурез диагнозы қойылып, ем тағайындалған. Содай-ақ, 1 жасқа дейінгі 100 сәбидің 40 пайызында тіл дамуының артта қалғаны белгілі болды.

Анастасия Ситдикова-невролог дәрігер
«Тіл дамуының артта қалуы көбінесе миға оттегі жетіспеуінен болады. Біз осы 5 күнде 700 баланы тексердік. Қабылдауға келген бүлдіршіндердің көбісінен түрлі дерттер анықталды. Біз оларға ем тағайындап, қосымша тексерілу үшін Қарағандыға шақырдық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture