Балқашта итмұрын бұталары отырғызылды

Мир көшесінің бойына итмұрын бұталары отырғызылды. Горкомхоз қызметкерлері емдік қасиеті бар жеміс беретін талдарды саяжайлардан жинап әкелген. Оларды жол бойына егіп, қаланы көгалдандырмақшы. Мамандардың айтуынша, тікенекті өсімдік жер талғамайды. Әрі суды да аса көп қажет етпейді. Сондықтанда, оларды эксперимент ретінде жаз айының ортасында әкеліп отырғызып жатыр. Егер өсім беретін болса, итмұрын басқа да көшелердің көркіне айналады. Бұл жасыл-желектің пайдасы зор. Оның бұтақтары көктем айында гүлдегенде, қалаға көрік берері сөзсіз. Әрі шаң, тозаң мен көліктен шығатын зиянды заттарды өзіне сіңіріп ауаны тазартуға үлес қосады. Ал, жемісі көптеген аураларды емдеуде таптырмас ем.

Ерболат Түсүпов – «Горкомхоз-2012» ЖШС бас инженері:«Итмұрын талдарын эксперимент ретінде отырғызып жатырмыз. Аптасына 3 рет суаратын боламыз. Күтіп-баптау жұмыстарымен де біз айналысамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture