Балқашта алыс қашықтыққа жүзуден жарыс өтеді

Балқашта алыс қашықтыққа жүзуден жарыс өтеді. Бұл шара шаһардың 80 жылдығына арналмақ. Соған орай ұйымдастырушылар қаланың жүзгіштерін спорттық сайысқа қатысуға шақырады. Жарыс 15 шілде күні сағат 10-да судан құтқару бекетінен басталады. Ниет білдірушілер сол жерден бастап «Самал» демалыс орнына дейін жүзиді. Жалпы алғанда 2 шақырым жерді бағындырулары тиіс. Мәреге бірінші болып жеткендер бағалы сыйлармен марапатталады. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Тек денсаулығы мықты, жақсы жүзитін адамдар болса болғаны. Судағы қауіпсіздікке құтқарушылар жауап береді.

Виталий Чевтаев-ұйымдастырушы:«90 жылдарға дейін металлургтер күнінде Балқашта жүзуден жарс өтетін. Біз сол дәстүрді қайта жаңғыртпақшымыз. Өз күшін сынап көрем деушілерді осы жарысқа шақырамыз. Жеңімпаздарға арнайы сыйымыз бар».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture