Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл! Соған орай бүгін қалалық әкімдікте салтанатты жиын өтті.
Күштік құрылым өткізген алғашқы арнайы операция «Набат» деп аталады. Ол 92 жылдың қысында түрмеден қашқан екі адам ішінде 36 адам болған автобусты басып алып, ұшақ талап еткен болатын. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған жағдай еді. Бір тәулікке созылған арнайы операция нәтижесінде автобусқа шабуыл жасалып, барлық жолаушылар құтқарылды.
Балқаштағы қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 25 жыл ішінде бірнеше операцияны сәтті жүргізді. Бүгін қызмет барысында айрықша еңбегімен көзге түскенлер марапатталды. Қалалық комитет бөлім басшысының орынбасары Досжан Жүнүсов подполковник шенін алса, Динара Адамбекова үшінші дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалімен марапатталды. Тағы 2 адам құрмет грамотасына ие болды. Жиын соңы әсем әнге ұласты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login