Балқаштық құрылысшыларға арналған ескерткіш жөнделуде

Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына қызу дайындық жүріп жатыр. Шаһардағы ескерткіштер қатары толығып, ескілері жөндеуден өтуде. Қазір құрылысшылар орталық саябақтағы алқашқы құрылысшыларға арналған монументті ретке келтіруді қолға алды. Осыдан 50 жыл бұрын пайда болған бұл ескерткіштің түсі өзгеретін болады. Қарадан алтын жалатылған түске. Сондай-ақ, мұнда мәрмәрдан жасалған тақтайша орнатылады. Онда Балқаш қаласының алғашқы құрылысшыларының есімі жазылмақ.

Бұл айдың соңына дейін бес метірлік құрылысшы бейнесі де жаңа кейіпке енеді. Оны да алтын жалатылған түске бояу көзделген. Ескерткіштер жөнделгеннен кейін, құрылысшылар алаңды аббаттандыруға көшеді. Брюсшатка төсеп, гүзарлар орнатып, танығуға арналған сәкілер қояды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture