Биыл Балқашта қант бағасы былтырғыдай қымбаттамайды. Жауапты мамандар осылай деп сендіріп отыр. Естеріңізде болса, өткен жылы дүкен сөрелерінде шекер тапшылығы орын алып, салдарынан бағасы 280-нен 320 теңгеге дейін өскен болатын. Ал, қазіргі күні оның құны керсінше 300-ден 290-ға түсіп 10 теңгеге арзандаған. Мамандардың айтуынша, картоп, қырыққабат және қарақұмықтың да бағасы біршама түскен.
Байзақ Әлмағанбетов-Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі
«Картоп қазір 170 теңгенің көлесінде сатылып отыр. Қарақұмықтың арзандауы орын алып отыр.Мұның барлығы жаңадан келген өнімнің қалаға келіп түсуі. Қант бағасы қазір біз қантты босататын Астанаадағы, Қарағандыдағы мекемелермен сөйлесіп отырмыз. Ондай қымбаттау жөнінде мәселе жоқ. Тұрақты баға.
Ал, саудагерлер болса бағаның күнде өзгеретінін айтады. Егер картопты осыған дейін 140 теңгеге сатып алып жүрсе, бүгін 150 ден алған. Ал, жуаның бағасы тіптен бөлек. Осыған дейін 200 ге саудаланған бұл өнімның бағасы бірден 20 теңгеге көтеріліпті. Ал, бағаның бұлай ауытқуына сатушылардың өз болжамы бар.
Гүлшара Қатарбаева-саудагер: «Бірде баға көтеріліп келеді, бірде түсіп келеді. Мен ойлаймын тауардың жоқтығынан шығар деп. Тауар жоқ болғанда көтеріліп кетеді рынокта. Рынок бізге қалай береді, біз солай сатамыз. Өзіміздің 10 пайызымызды қосамыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login