Балқашта Амангелді көшесінің бойына жарық тартылады. Балқашэнерго мекемесі вокзал мен екінші мөлтек ауданы арасындағы жолға бағаналар орнатпақ. Қазір олардың орындары қазылып, дайындалып қойған.Мұнда Қадыржанов және Мир көшесінен алынған ескі діңгектер әкелінеді. 400 метр жерді жарықтандыру үшін жалпы саны 15 бағана жұмсалмақ. Мамандар оларды орнату жұмыстарына келесі аптада кіріспекші. Сондай-ақ, Жезқазған көшесіне де жарық тарту көзделген. Жоспар бойынша 64 орам мен вокзалға дейінгі аймақ қамтылмақ.
Юрий Снегуров-«Балхашэнерго» КМК бас инженері:«Бағаналарды орнату жұмыстарын келесі аптада бастаймыз. Кейін сымдарды тарту басталады. Мұның барлығына 5 күндей уақыт кетеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login