Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығының экс-басшысы сотталды

Қалалық жұмыспен қамту орталығының бұрыңғы басшысы шартты түрде бес жарым жылға сотталды. Экс басшы жеке-меншік фирмалармен келісу арқылы, екі қолға бір күрек іздеушілерді жалған жұмысқа тұрғызып, олардың жалақысын өз қалтасын басып отырған. Оның мұндай алаяқтық ісі өткен жылдың күз айында әшкере болды. 35 жастағы жетекші 2012 жылдан бері 50-ге жуық адамды қызметке орналастырған. Алайда, жұмыс іздеушілер одан бейхабар болған. Басшымен бірге жергілікті 6 кәсіпкер және жұмыспен қамту орталығының тағы 2 қызметкері сыбайлас болған. Кәсіпкерлер өз кінәләрін мойындап, 9 млн теңге шығын төледі. Ал, басшымен ауыз жаласқан екі жұмыскердің бірі 2.5 жылға, бірі 5.5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бюджет ақшасына қол сұққандар ұрланған 11 млн қайтарған.

Мадияр Игенов – қалалық прокуратураның прокуроры: «Төртінші сотталушыға, яғни кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс сотта қысқартылған. Себебі ол толықтай материалдық шығынды өтеді. Өз кінәсін толықтай мойындады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture