Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттейтін арнайы жоба әзірленді. Оған сәйкес енді дәрі өндірушілер мен дәріханалар қалаған бағаларын қоя алмайды. Тіпті препарат тапшылығы кезінде де оның құнын өсіруге тыйым салынбақ. Себебі әсіресе осы жетіспеушілік кезінде дәрілердің ақысы бірнеше есеге өсетіні белігілі. Осыны ескерген денсаулық сақтау министірлігі арнайы жобаны дайындап қойды. Оған сәйкес енді медициналық препарат шығарушылар оның зауытта бекітілген бағасын тіркеп отырады. Ал, дәріні жекізуге кеткен және басқа қосымша шығынды қосып есептегенде шыққан баға жеке бекітіледі. Содан кейін барып, денсаулық сақтау министірлігі оның нарықтағы бағасын бекітетін болады. Бұл жүйе дәрі тапшылығы кезінде оның бағасын қымбаттатуға жол бермейді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login