Қазақстанда темекіге сұраныс азайған. Мамандардың зерттеуі бойынша табак өнімінің бағасы өскен сайын, оны сатып алушылар саны кеміп отыр. Қазір ең арзан шылымның бір қорабы 320 теңге. Соған байланысты, өндіріс де төмендеген. Осы жылдың қаңтар –мамыр айларында өндірушілер 5 млрд шылым шығарыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға аз. Ал, темекі болса қымбаттай бермек. Қазір Үкімет оның бағасын көтеру бойынша жаңа жоба әзірлеуде. Оған сәйкес, әр 6 ай сайын табак өнімдерінің бағасы 20 теңгеге қымбаттайтын болады. Бұл дегеніміз 2019 жылы шылымның бір қорабы 400 теңге сатылады деген сөз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login