Балқаштық 150 оқушы ЭКСПО халықаралық көрмесіне тегін барады. Мұндай мүмкіндікке түрлі білім олимпиадаларының жеңімпаздары, көпбалалы отбасы бүлдіршіндері және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар ие болды. Олар үшін бәрі тегін. Жола ақысы, жатын орын да. Тіпті күніне 4 рет тамақтану да қарастырылған. Балғындардың бұл саяхатына жергілікті бюджет қаражат бөлінген. Оқушылар тек көрмені аралап қана қоймай, астананың көрікті жерлеріне де экскурсия жасайды. Балалар 11 шілде күні аттанбақшы. Қызықты саяхат 13 шілдеге дейін жалғасады.
Арсен Таубаев-№4 мектептің 9 сынып оқушысы:«Мен биология пәнінен өтетін олимпиадаларға қатысамын. Дебат ойындарында бірнеше рет спикер болдым. Экспоға баратыныма өте қуаныштымын. Оның үстіне менімен бірге 2 сыныптасым және 1 досым барады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login