Ажалдан аман қалған оқушы! Балқашта көршісі терезеден секірмек болған баланы құтқарып қалды. Оқиға Русакова көшесінде болды. Оқыс жағдайды куәгерлер бейнекамераға түсіріп алыпты. Міне мына кадрлардан 13 жастағы баланың екінші қабаттағы пәтерден секірмек болып тұрғаны анық көрінеді. Ол терезенің жақтауына жабысып, астыға түсуге бата алмай біраз тұрады. Бір уақытта қолын жіберіп, төмен қарай құлайды. Сол уақытта баланы оған көмектесуге келген көршісі қағып алады.
Ирина Дудий жасөспіріммен бірге бір подъезде тұрады екен. Айтуынша, сол күні итімен қыдыруға шыққан. Үйдің артынан өтіп бара жатып, терезеге жабысып тұрған баланы көреді. Алғашында ұры деп ойлапты. Кейін, көрші бала екенін танып, қайтып оралады. Анықталғандай, жасөспірімді анасы пәтерге қамап кеткен екен. Содан ол өз бетінше осындай әдіспен далаға шықпақ келген. Алайда, кейін секіруге қорықып, пәтерге қайта кірмек болады. Алайда, онысынан түк шықпаған. Содан көршісі оны қағып алуды ойластырады. Бала құлағанда бір аяғы әйелдің қолына тиіп сындырып жіберген екен. Қазір көршісін құтқарған Ирина гипспен жүр. Ал, бала болса дін аман. Ешқандай жарақат алмаған.
Ирина Дудий-Русаков көш 6 үй тұрғыны: «Қолымның сынғаны ештеңе етпейді. Ең бастысы бала аман-есен. Еш жеріне сызат түскен жоқ. Бұл оқиға ол үшін сабақ болды деп ойлаймын. Мүмкін, болашақта олда біреуді құтқарар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login