Келесі аптада Балқаш қаласына балалар дәрігерлері келеді. Облыстық балалар клиникалық аурухана мамандары 10 мен 14 шілде күндері диагностикалық орталықта қабылдау жүргізеді. Таңғы сағат 09:00 дан бастап кешкі 17:00-ге дейін. Үзіліс 13:00 мен 14:00 аралығында. Шаһарға ат басын бұратын ақ халаттылар-хирург, невролог, гематолог, нефролог және гастроэнтеролог. Бұл мамандар 10 мен 12 шілде күндері №1 емханаға қарайтын сәбилерді, ал 13 мен 14 шілдеде 2 емхана қарасты бүлдіршіндерді қабылдайды. Балқаштықтармен бірге Саяқ, Ақжал, Шашубай, Приозерск кентінің тұрғындары да дәрігерлер көмегіне жүгіне алады.
Улпач Баймұрзаев-диагностикалық орталық бөлімше меңгерушісінің м.а: «Ешқандай направление керегі жоқ. Тек участковый медсестардан, дәрігерден картасын алады. Сонымен көрінеді».
Қабылдау кестесі:
10.07.17-12. 07. 17 №1 емхана балалары
13.07.17-14.07.17 №2 емхана балалары
Қабылдау уақыты:09:00-17:00
Үзіліс: 13:00-14:00
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login