Қарбызды жеуге болады ма?

Қарбыз маусымы басталды. Орталық базар мен қала дүкендерінде осы бақша өнімі қазір толып тұр. Саудагерлердің айтуынша, оңтүстік өңірден әкеледі екен. Алайда, сөрелерде теңкиіп жатқан қауын-қарбыз жеуге қаншалықты жарамды? Қандай тексерістен өтеді?

Базарға келіп түсетін әр өнім санитарлық дәрігер Индира Шарбекованың тыңғылықты тексерісінен өтеді. Ал, мұндай бақылаудан сүрінбей өту үшін қарбыздың сабағы құрғақ, бүйіріндегі жолақтар анық болуы керек. Әрі ұрғанда ұяң дыбыс шығуы тиіс.

Осындай талаптарға сай болған өнімге зертханалық сараптама жасалады. Ол үшін арнайы ерітіндіге қарбыздың бір кішкентай бөлігін салып 3 мин араластырады. Одан кейін электрод арқылы нитрат көрсеткіші анықталады.

Индира Шарбекова – ветеринарлық зертхана сарапшысы:»Ауытқулар, мынандай жарамсыз кездескен жағдайлар әлі болған жоқ. Қарбыздарды қолданысқа пайдалана беруге болады. Тек қана кішкентай балаларға аздап, көп емес 100-150 грамды салқындатып берген дұрыс».

Саудагерлер қазір жолақты өнімді оңтүстік аймақтан әкеліп сатып жатыр. Сапасына сенімді. Ал, бір келісі 80-90 теңге шамасында.

Бақытгүл Нәсібаева-саудагер: «Шымкенттің Шардара қаласынан келеді. Арбузымыз өте жақсы. Әлі ешқандай жалоб болған жоқ. Бірінші базардың СЭС тексереді. Содан кейін сатуға рұқсат береді».

Қарбызды тоңазытқышта тек 1 тәулікке дейін ғана сақтауға болады. Ал, егер құрамында нитраты көп болып уланып қалсаңыз аз дегенде 3 литр су ішіп, организімді тазартқан жөн. Ең дұрысы оны аш қарынға жемеу. Өйткен жағдайда қан қысымы жоғары немесе жүрегі ауратын адамдардың денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture