Балқаштық «Металлург» қарағандылық «Гефестпен» кездесті

Тартысты ойын! Металлург футбол құрамасы өз алаңында жеңіліс тапты. Өткен жексенбіде балқаштықтар қарағандының Гефест құрамасын қабылдады. Өкінішке орай, 3-1 есебімен жеңіліс тапты.

Металлургтың осы жолғы қарсыласы былтырғы облыстық біріншіліктің чемпионы. Әзірше бірде бірі жеңіліссіз келе жатқан «Гефест» құрамасы. Бұл командамен балқаштықтар былтыр екі рет кездесті. Алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңілгенімен, келесі қарымта ойында 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Николай Гавриш-Гефест құрамасының жаттықтырушысы:»Былтыр біз бірде бірде бір ұтылыс болған жоқ. Тек осы Металлург құрамасымен ғана тең ойын өткіздік. Құрама өте жақсы дайындалады. Сондықтанда жеңістің кімге бұйыратынын айту қиын. Бәрін ойын көрсетеді».

1 таймда қонақтар алғаш болып есеп ашты. Балқаштықтар болса, есепті теңестіруге бар күштерін салды. Алайда, оларынан еш нәтиже шықпады. Ал, екінші таймда жерлестеріміздің қақпасына тағы 2 гол соғылды.

Осылайша екінші кезең Металлург үшін сәтсіз басталды.
Деседе, жерлестеріміз намысқа тырысып шабуылды үдете түсті. Ақыры ойынның аяқталуына 10 мин қалғанда қарсыластарының қақпасына бір доп енгізді. Жалғыз голдың авторы Санат Нұршымов.

Сергей Симоненко-«Металлург» командасының шабуылшысы: «Ойын өте қиын болды. «Гефест» командасының мықты құрама екенін мойындау керек. Көптеген қателік жібердік. Енді сол кеткен кемшіліктерді түзеп, келесі жол жақсы ойын көрсетуге тырысамыз».

Облыстың біріншіліктің бірінші айналымы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, балқаштықтарда 2 жеңіліс, 3 тең ойын. «Металлург» командасы 6 команданың арасында әзірге 5-ші орында келеді. Көш басында «Гефест», «Саран шахтасы», «Абай шахтасы» және « Шахтинск».

Облстық біріншіліктің бірінші айналым қортындысы
«Металлург» –«Шахтинск» 2:1
«Металлург»-«Саран Шахтасы» 1:1
«Металлург»-«Абай Шахтасы» 0:0
«Металлург»-«Саран» 2:2
«Металлург» -«Гефест» 3:1

1.«Гефест»
2.«Саран шахтасы»
3.«Абай шахтасы»
4. « Шахтинск»
5. «Металлург»
6. «Cаран»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture