Балқаштық құтқарушылар Приозерск тұрғынын іздестіруде

Приозерск қаласының тұрғыны балыққа шығып, хабарсыз кетті. Оны іздеу үшін балқаштық құтқарушылар жұмылдырылды. 50 жастағы тұрғын 2 шілдеде «Амур» қайығымен балыққа шыққан. Содан бір күн өткен соң үйге оралмаған. Оған алаңдаған туысқандары үші күні құтқарушыларға дабыл қаққан. Ал Приозерск қаласында қатты желге, күшті толқынға төтеп бере алатын қайықтың жоқтығынан көмекке балқаштықтар шықты. 4 құтқарушы Балқаш көлінің оңтүстік-батыс аймағын шолуға кірісті. Әзірше ешқандай хабар жоқ.

Дархан Қуанбаев-Судан құтқару бөлімшесінің басшысы: «Іздестіру жұмыстарына 4 құтқарушы және Ореон қайығы жұмылдырылды. Қазіргі таңда Балқаш көлінің оңтүстік батысына қарай іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңға дейін ешқандай хабарлама түскен жоқ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture