Балқаш-Алматы тас жолында болған жантүршігерлік апат жайлы жаңа мәліметтер анықталды. Жол бойында орын алған оқиға салдарынан үш адам көз жұмды. Солардың арасынан аман қалған әйелдің айтуынша, ол ауыр жарақатына қарамастан өртенген көліктің ішінен екі баланы өз алып шыққан. Еске сала кетсек, жол апаты 21 маусым күні орын алды. Балқаштан 118 шақырым қашықтықта 6 адамды ToyotaLandCruiser прицепке тіркеулі жүк көліктің артына соғылған. Соққының салдарынан газға толы джип атылып, көлік өртенген. Сол кезде полицейлер Камаз жүргізушісі көмекке барып, құтқарды деген ақпарат берген. Ал, зардап шеккен келіншектің айтуынша, ол өзі жалғыз қызыл жалынның ішінен екі баланы көліктің артқы есігінен алып шыққан.
Гүлзира Әлихан – зардап шеккен келіншек: «Мен соққыдан көліктің багажына қарай ұшып кеттім. Содан артқы орындыққа қарай ауысып, ең бірінші інімді алып шықтым. Сосын жүгіріп барып артқы есіктен ұлымды құтқарып қалдым. Басқа адамдар қарап тұрды. Көлік атылады деп айқайлап тұрды. Бірақ ол кезде кеш болды. Көлік жанып жатты».
Абырой болғандай, көлік атылғанша әйел екі баламен қашып үлгерген. Өртенген көліктің ішінде зардап шеккен келіншектің ата-анасы мен 11 жастағы қызы қалып қойды. Қазіргі аман қалған жолаушы Қарағанды қаласында ем қабылдап жатыр. Түрлі дене жарақаттарын алған. Бұғанасына ота жасалды. Ал жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сол сәтте Камазда жарық белгілерінің қосулы болғанын немесе жоғын анықтайтын техникалық сараптама тағайындалды. Істің ақ-қарасы зардап шеккен келіншек аяққа тұрған соң анықталады.
Ұлықпан Жортар — Ақтоғай ауданы ІІБ анықтаушысы: «ҚР ҚК 345 бабының 4 бөлігі бойынша енгізілді. Қазіргі уақытта жүк авто көлігінің орында тоқтап тұрғандығын немесе жүріп келе жатқандығын анықтау мақсатында және жүк көлігінің артқы жарық шамдарының жанып, сөніп тұрғандығын анықтау мақсатында автотехникалық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бір ай көлемінде дайын болады. Жәбірленуші ауруханадан шыққан кейін тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу әрекеттерінен кейін жол көлік оқиғасына кінәлі азамат анықталады».
![]()
![]()
![]()
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login