Жаңа форматта алғаш рет өткізілген ҰБТ қорытындысы белгілі болды. Бір апта бойы жүргізілген сынаққа 92 мыңнан астам түлек қатысып, төрт мыңдайы сыннан сүрінді. Жалпы білім деңгейінде Қазақстан бойынша бес пәннен орташа балл 80,5%-ды құрады. Ал тест барысында тыйым салынған заттарды қолданған 12 оқушы аудиториядан шығарылды. Онымен қоса, 85 446 рұқсатсыз заттар тіркіленді. 42 мыңнан астам қағаз жүзіндегі шпаргалкалар алынды. Еліміз бойынша ҰБТ ең жоғарғы 139 ұпайға алматылық оқушы Саят Тасан ие болды. Одан бір саты төмен 138 балды екі бала иеленді. Ал Балқаштағы рекордттық көрсеткіш 130 құрады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login