Қалалық прокуратурада қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Енді құзырлы органға келген тұрғындар өз кезектерін үлкен залда күтіп отыра алады. Бастысы онда кезекші прокурор, медиатор және заңгер күн сайын қызмет атқармақ. Яғни, кез –келген балқаштық құқық қорғау мамандарынан тегін кеңес алуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, кезек күтіп отырғандар тазартылған су, ыстық шай-кофе ішіп, газет-журнал оқып, теледидар көріп уақыттарын тиімді өткізе алады.
Мади Әбішев – қалалық прокуратураның прокуроры: «Балқаш қаласының прокуратурасы халықты қабылдау жұмысын бастады. Осы кеңседе адвокат, медиатор отырады. Халыққа қандай құқықтық көме керек болса біз көрсетуге дайынбыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login